Мақаланың шыққан күні:
Веб-студия ретінде біз онлайн әлемінде табысты болу үшін функционалды веб-сайттың болғаны қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.
Алайда тіпті ең сапалы сайттардың өздері техникалық қиындықтарының және іздеу жүйесіндегі талаптардың өзгеріске ұшырағанның кесірінен тиімділігі артпай қалуы мүмкін. Осы орайда сайт аудитін жасау жақсаратын тұстарды анықтау және сайттың қазіргі жағдайын анықтауға арналған таптырмас құрал болып табылады.
Веб-сайт аудиті — бұл сайтыңыздың бүкіл жайттарын жан-жақты талдау, оның ішіне пайдаланушы тәжіребисі, мазмұны және техникалық сипаттамалары кіреді.
Сайт аудитіне келесі маңызды жайттар жатады:
- Техникалық талдау: кодтағы қателер, беттің баяу жүктелуі, қауіпсіздікпен байланысты қиындықтар сияқты техникалық ақаулардың бар-жоғын тексеру.
- SEO-талдауы: іздеу жүйелері үшін сайтты оңтайландыруды бағалау, соның ішінде кілт сөздерді, мета тегтерді, URL құрылымын және т.б. талдау.
- Мазмұнды талдау: мазмұның сапасын бағалау, яғни оның аудиторияның сұранысына сай келетінін, бірегейлігін және тиімділігін бағалау.
- Пайдаланушылардың тәжірибесін талдау: сайттың ыңғайлылығын, навигацияны, беттің жүктеу жылдамдығын, мобильді құрылғыларға бейімділігін және қолданушылардың талғамдарын сай келетін басқа да жайттарды талдау.
- Конверсияны талдау: сауда-саттық, қолхат және бланктерді толтыру сияқты бизнес саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін сайттың тиімділігін бағалау.
Аудит жасаған соң біз веб-сайтыңыздың әрбір жайттарын қалай жақсартуға болатыны жайлы толыққанды есеп береміз. Біздің мамандар анықталған ақауларды дұрыстауға және сайтыңыз тиімді жұмыс жасау үшін оны оңтайландыруға көмектеседі.
Веб-сайтыңыз 100% жұмыс жасап жатқанына көз жеткізгіңіз келсе, аудит жасау үшін бізге хабарласыңыз. Біз сізге онлайн әлемінде жетістікке жетуге көмектесеміз!