Мақаланың шыққан күні:
Интернетте мақала жазғанда, мәтінді соңына дейін оқымауға әкелетін көптеген қиындықтармен кезігуі мүмкін. Мәтінің тиімділігіне не кері әсер етуі мүмкін?
Мәтіннің көлемі ауқымды
Өмірдің қызу ағымынан және мәліметтің көптігінен адамдар ұзын-ұзын мәтіндерді оқығысы келмейді. Мәлімет тез табу үшін не өз қиындығын шешу үшін олар қысқа әрі нұсқа мәтінді ұнатады.
Өкінішке орай копирайтерлерге сөзі көп, бірақ сапасы төмен тексттер үшін төлейді, сонын салдарынан инетернет желісінде жақсы мәтін табу қиын. Бірақ бұл оларды ерекшелендіреді!
"Оффтоп"
Тұтынушылар өздерінің нақты мәселелерін шешетін не оларға қызықты болған нақты бір тақырыпқа қатысты мәлімет іздейді. Егер мәтінде қажетті тақырыпқа еш байланысы жоқ жайттар жазылса, бұл олардың ызасын келтіруі не мазасын қашыруы мүмкін. Ал бұл әсіресе бірінші рет мәтінді оқып жатқан адамның бойында туындайтын эмоциялар болмауы керек.
Ұзын әрі сөздері тығыз орналасқан абзацтар
Егер оқылып жатқан абзац экранға сыймай, жолдар арасындағы қашықтық тым аз болса, ол оқырманға ынғайсыздық тудырады. Мәтінде негізгі ойды айрықшалау қиынға соғады. Ал бұл зейін қойып оқуға кедергі жасайды әрі қызығушылығын да бәсендетеді.
Мәтіннің анық жазылмауы
Ұзын мәтін тақырыптармен, тақырыпшалармен және маркерленген тізімдермен анық жазылмаған болса, бұл мәтіннің оқуын және түсінуін қиындатады.
Арнайы терминдер
Күрделі терминдерді тек техникалық мәтіндер мен құжаттамада қолданған жақсы. Қарапайым оқырман түсінбегендіктен басқа мәлімет көзін іздей бастайды.
Мәтіннің заманның ағымына сай болмауы
Интернет желісі қарқындап өзгеруде, сондықтан ескірген не заманның талабына сай келмейтін мәтін оқырмандарды қызықтырмауы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ара-тұра ақпаратты тексеріп, жаңартып, толықтырып отыру керек.
Дизайн бұрыс тандалғанда
Сонымен қатар тіпті жақсы жазылған мәтінді нашар таңдалған түс пен шрифт бұзуы мүмкін. Маңызды жайттардың бірі мазмұнның дұрыс көрсетіліп, барлық экран өлшемдерінде оқылуы керек. Осы орайда жауапты дизайнның технологиясын пайдаланудын пайдасы зор.
Бүгінгі таңда интернет желісін қолданатындар мәтінді көз жүгіртіп оқуға, негізгі ақпаратты тез іздеп, табуға бейім келеді және алғашқы бірнеше сөйлемдерге не абзацтарға негіздеп әрі қарай оқудың керегі бар ма, жоқ па соны шешеді. Сондықтан оқырманның қызығушылығын арттырып, ұстап қалу үшін жеңіл оқылатын, бірден негізгі ақпарат беретіндей және нақты құрылымы бар мәтіндерді жазу маңызды.