Мақаланың шыққан күні:
Осы мақаланы смартфоннан, планшеттен, компьютер я ноутбуктен оқып жатырсыз ба?
Экранның көлемі қандай болмасын, барлық мәлімет сапалы түрде әрі ыңғайлы көрінеді. Бұған қалай қол жеткізуге болады?
Оның сыры – жауапты дизайнда.
Жауапты дизайнның басты мақсаты – барлық құрылғыларда ыңғайлы етіп көріну үшін сайтты бейімдеу.
Бұл үшін біз бірнеше макет жасаймыз. Мысалы, сайттың кез келген экранда, өте кішкентай iPhone 5 пен заманауи үлкен форматты мониторларда, қалай көрінетінін ойластырамыз. Онымен қоса сайттың әдемілігі мен атқаратын қызметі еш өзгермеулері керек. Сонымен қатар біз сайттың қанша мәлімет қамтитініне байланысты баланс сақтауға тырысамыз. Бұл дегеніміз телефонның экранына комптьютердің мониторына сыятын мәліметті сыйдыру, яғни сөздердіңарасындабосорынқалдырмайжәнеүтірсіз жазуды білдіреді.
Содан соң біз программалық код жазамыз. Программалық код – сайтқа арналған басшылық. Осы басшылық арқылы пайдаланушының құрылғысындағы экранның көлемін анықтап, тиісті макетті шығартады. Сондықтан осы әдіс жауапты дизайн деп аталады, өйткені ол біркелкі емес, оның "жауап беру қабілеті" бар, яғни кез келген экранның не терезенің көлеміне сай реттеледі не ыңғайланады.
Неліктен жауапты дизайнның маңызы зор?
-
ЫҢҒАЙЛЫЛЫҚ:
Сайтты қолданушылар мәліметке оңай қол жеткізе алады және қажетті әрекеттер істей алады.
-
КОНВЕРСИЯ:
Сапалы жауапты дизайн тұтынушының назарын сайтта ұстап тұруға және келесідей әрекеттер жасауға талпындыра алады:
- тауарды сатып алуға,
- рассылкаға жазылу,
- өзінің байланыс мәліметтерін қалдыру және тағы басқа.
SEO:
Google, Яндекс және басқа да іздеу жүйелері жауапты дизайнмен жасалған сайттармен жақсы жұмыс істейді. Әдетте осындай сайттар іздеу жолағында бірінші болып көрінеді әрі үлкен аудиторияны жинайды.
Иә, жауапты дизайн біздің уақытымызда жәй ғана тренд емес, ал интернет жүйесінде бизнесті дамытудің қажеттілігі. Адамдар жиі сырт көрініске қарап тон пішеді. Сондықтан сапалы жауапты дизайн сіздің сайтыңызға кірген қолданушылар үшін шешуші сәт болуы мүмкін.